421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

  • 149
  • UPD: 14:14, 14.01.2021
Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлады Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше қазақстандық боксшы рингке 20 ақпанда шығады. Ал қарсыласы туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Қанат өткен жылдың қазан айында жұдырықтасуы керек болған, алайда ол кезде қарсылас табылмады. Боксшы қазір Америкада бапкері Роджер Романың қол астында жаттығып жүр.

Хабар 24 телеарнасы