423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ирандық 8 жасар футболшының өнері Мессиді тәнті етті (видео)

  • 384
  • UPD: 09:39, 15.01.2021
Ирандық 8 жасар футболшының өнері Мессиді тәнті етті (видео) Спорт24

Ирандық 8 жасар футболшы Арат Хоссейни «Ливерпуль» академиясының бапкерлерін таңғалдырып келеді.

Бір жасында жүріп қана қоймай, артқа қарай сальто тастаған Араттың видеолары желіде тез таралып кетті. Бүлдіршіннің гимнастикалық қабілеттеріне қарап оны болашақ олимпиада чемпионы деп жазғандар көп. Бірақ Арат футболға бет бұрды.

Қазір ол «Ливерпуль» академиясында жаттығу жасап жүр, ал оның дриблингтері қазір де көпшіліктің назарында, деп жазады sport24.ru. Ирандықтың ерекше өнеріне тәнті болғандардың қатарында Лионель Месси де бар. Аргентиналық жас футболшының техникасына жоғары баға берген. Месси Хоссейнидің видеоларының біріне осылай деп пікір қалдырған.

Ал жақында Араттың инстаграмында тағы бір видео пайда болды. Жаттығу кезінде дарынды бала қатарластарын Месси мен Салахтың стилінде шаң қаптырып жүр.

Арат Хоссейнидің инстаграмдағы парақшасына 4,6 млн адам жазылған.

Олардың арасында Рио Фердинанд, Джон Джонс және Раджа Наингголан секілді жұлдыздар бар.

Хабар 24 телеарнасы