«Барыс» хоккейшілері «Салават Юлаевтан» жеңіліп қалды

«Барыс» тағы да есе жіберді. Елордалық клуб өз алаңында «Салават Юлаев» командасын қабылдаған еді.

Құрлықтық лига аясында өткен матч қонақтардың айқын басымдығымен аяқталды. Өкініштісі сол, екінші кезең соңына дейін «Барыс» алда келе жатқан. Таблода 3:1 есебі тіркеліп тұрды. Соған қарамастан уфалық хоккейшілер табандылық танытып, кездесу соңына дейін 5 шайба соғып үлгерді. Қорытынды есеп: 3:6. Осылайша «Барыс» 49 ұпаймен турнир тізіміндегі 8-сатысын сақтап қалды. Ал «Салават Юлаев» Шығыс конференциясының үздік үштігін түйіндеп тұр. Құрлықтық лига аясындағы келесі матчтар 17 қаңтарда өтеді. Бұл жолы «Барыс» «Амур» хоккей клубымен жолығады.

Сондай-ақ...