Уэйн Руни футболмен қоштасты

«Дерби Каунти» өзінің ресми сайтында Уэйн Руниді команданың бас бапкері етіп бекіткенін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ағылшындық экс-футболшы қарашаның соңында қызметінен кеткен Филлип Кокудың орнына «қошқарлардың» уақытша жаттықтырушысы болған еді.

35 жастағы маманның басшылығымен команда 9 ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, 4 рет тең нәтиже көрсетсе, 2 мәрте жеңіліске ұшырады.

Рунидің «Дерби Каунтимен» келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін жасалған.