Оберхофтағы әлем кубогі: Қазақстан командасы эстафетаны аяқтай алмады

Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан әлем кубогінің алтыншы кезеңі аясында әйелдер арасындағы эстафета аяқталды.

Өкінішке орай, Қазақстан командасы жарысты соңына дейін жеткізген жоқ деп жазады Olympic.kz. 

Эстафетаға жалпы есебі 20 команда қатысты. Көшбасшы құрамалардың уақыт көрсеткішінен әлдеқайда артта қалған төрт команда жарысты аяқтаған жоқ. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар.

Әйелдер арасындағы эстафетада Қазақстан атынан Елизавета Бельченко, Людмила Ахатова және Анастасия Кондартьева қатысты. Ал Галина Вишневская-Шепоренко команданың айып уақыты көп болғандықтан жарыс жолына шыққан жоқ.  Эстафетада алтын жүлдені Германия, күмісті Беларусь, қоланы Швеция командалары еншілеген.