Мейірім Нұрсұлтановтың қатысуымен АҚШ-тағы бокс кеші өтпейтін болды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов қатысатын АҚШ-тағы бокс кеші өтпейтін болды.

Golden Boy Promotions 30 қаңтарға жоспарланған бокс кешінің өтпейтінін хабарлады. 

«Калифорния штатының Атлетика комиссиясы Сергей Ковалевтің WADA допинг-тестінде оң нәтиже көрсеткеніне байланысты бокс кешін өткізбеуді шешті», – делінген Golden Boy Promotions мәлімдемесінде. 

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов өзінің кейінгі жекпе-жегінде ресейлік Илья Баландинді (4-3-1, 2 КО) төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.