UFC Fight Island 7: басты жекпе-жекте Холлуэй отандасы Каттарды жеңді
- 174
- UPD: 10:14, 17.01.2021

Абу-Даби қаласындағы «Этихад-Аренада» UFC Fight Island 7 турнирінің басты шайқасы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
29 жастағы АҚШ өкілі Макс Холлоуэй отандасы 32 жастағы Калвин Каттарға қарсы жекпе-жек өткізді.
Бес раундқа созылған текетірестің қорытындысы бойынша Макс Холлоуэй төрешілер шешімімен жеңіске жетті - 50:43, 50:43, 50:42.