Ұлттар кубогы: қазақстандық боксшылар 5 алтын медаль жеңіп алды
- 237
- UPD: 13:13, 17.01.2021

Сербияда әйелдер арасында бокстан халықаралық Ұлттар кубогы жарысы аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан құрамасы аталған жарыстан 8 жүлде жеңіп алды. Атап айтқанда, отандық бұрымды боксшылар 5 алтын медальға ие болды:
Арайлым Марат (48 кг)
Дина Жоламан (54 кг)
Владислава Кухта (57 кг)
Римма Волосенко (60 кг)
Ляззат Кунгейбаева (+81 кг)
Гүлсая Ержан күміс жүлдегер атанса, Валентина Хальзова мен Марина Вольнова қола жүлдені қанағат тұтты.