Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрама командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаңа маусымның алғашқы жаттығу жиынында ұлттық құрама сапындағы 14 татами шебері дайындықтарын пысықтап жатыр.  10 қаңтарда басталған жаттығу жиыны 27 қаңтарға дейін жалғасады. 

Жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдап жатқан спортшылар:

1. Ақмарал Науатбек 

2. Ғалия Тынбаева   

3. Абиба Абужақынова

4. Нұрсұлу Ералиева

5. Анна Казюлина 

6. Севара Нишанбаева

7. Иоланта Бердібекова

8. Зере Бектасқызы 

9. Мөлдір Нарынова

10. Зарина Райфова

11. Назерке Тілеуханова

12. Мадина Парагульгова

13. Камила Берліқаш

14. Назгүл Маратова