ҚХЛ: «Барыс» өз айдынында «Амурды» жеңді

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Хабаровскінің «Амурын» қабылдап, 3:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елорда командасы сапында үш шайбаны да Никити Михайлис соқты. «Барыс» бұған дейін лига қатарынан екі ойында ұтылып қалған еді. «Амурға» қарсы матчта Михайлистің мерейі үстем болды. Шабуылшы кездесудің екінші кезеңінде қатарынан екі шайбаны еншісіне жазды. Ресейлік команда жалғыз голмен жауап қатты. Соңғы жиырма минутта Хабаровск хоккейшілері таразы басын теңестірді. Қонақтардың қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Никита Михайлис осы ойындағы үшінші шайбасын соғып, матчқа нүкте қойды. «Барыс» 51 ұпай жинап, Шығыс конференциясында сегізінші орында қалды. Елорда командасы 19 қаңтарда Финляндияның «Йокерит» клубына қонаққа барады. 

Сондай-ақ...