Қазақстанда следж-хоккей дамып келеді

Елімізде следж-хоккейдің дамуы бір жолға қойылып келеді. Өткен жылы паралимпиадалық спорт түрі бойынша ең алғашқы команда құрылған еді. Енді елорда әкімдігі оларға керек-жарағын алып беріп, қымбат құрылғылармен қамтамасыз етті.

Мұз алаңына қатысты мәселе де шешілді. Яғни мүмкіндігі шектеулі спортшылардың алаңсыз әзірлігіне барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта дәл осындай командаларды өзге өңірлерде де қалыптастырып, ішкі біріншілікті жандандыру қажет дейді мамандар. Содан кейін барып, паралимпиада ойындарына қатысуға қатысты мәселені қарастыруға болады.

Самат Ерғалиев, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Парахоккей, следж-хоккей дейді, осы хоккейді биылғы жылдан бастап, арнайы спорт мектебімізде дайындап жатырмыз. Соған байланысты осы мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, алдағы уақытта біздің парахоккейшілер үлкен тұғырдан көрінеді, ел біріншілігіне қатысып, паралимпиада ойындарына қатысады деп ойлаймыз.