Конькимен жүгіруден әлем чемпионаты көрермендермен өтуі мүмкін

Конькимен жүгіруден 2021 жылғы әлем чемпионаты көрермендердің қатысуымен өтуі мүмкін, деп хабарлады Olympic.kz.

Биылғы әлем чемпионаты 11-14 қаңтар күндері Нидерландтың Херенвен қаласында өтеді деп жоспарланған. Конькимен сырғанаудан әлем чемпионатын ұйымдастырушылар Нидерландтағы эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда турнирге шектеулі түрде жанкүйерлерді қабылдай алады деп үміттенеді. 

Айта кетерлігі, 16-17 қаңтарда Хиренвинде көпсайыстан Еуропа чемпионаты өтті, сондай-ақ әлем кубогының екі кезеңі өтеді деп күтілуде. Сонымен қатар жеке қашықтықтағы әлем чемпионаты сол қалада 11 мен 14 ақпан аралығында өткізіледі.