Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Александр Бублик Халықаралық кәсіпқой теннис қауымдастығының жаңартылған рейтингінде төрт саты жоғарылады, деп жазады Vesti.kz.
Бублик 49-орыннан 45-орынға көтерілді. Бұл – оның карьерасындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін отандасымыз 47-сатыға дейін көтерілген болатын.
Ал Михаил Кукушкин – 89-орында, Дмитрий Попко 165-орында тұр.
Еске салайық, теннисшілеріміз қазіргі уақытта Australian Open-2021 турниріне дайындалып жатыр. 8 ақпан күні Мельбурнде басталатын додаға алты теннисшіміз қатысады. Олар – Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Ярослава Шведова, Александр Бублик және Михаил Кукушкин.