Ақтаудағы дәмханалардың бірі спорт орталығына айналды

Жеке кәсіпкер қаланың төменгі бөлігінде орналасқан дәмхананы күрделі жөндеуден өткізіп, спорт клубын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда қазір 8 бен 14 жас аралығындағы 300 бала спорттың бірнеше түрімен жаттығады. Самбо, жауынгерлік самбо, таэквандо мен жекпе-жек сайысы бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары тегін қатысады. Осыған дейін жасөспірімдердің біразы жертөледе жаттығып келді. Заман талабына сай жабдықталған спорт клубындағы жаттығу ерекше күш береді дейді жас спортшылар.

Олжас Мүкілбаев, спорт клубының тәрбиеленушісі:

– Менің осы жерге жазылғаным – ата анамды, достарымды және бауырларымды қорғағым келеді және де осы жекпе-жек сайысынан чемпион болғым келеді.

Елубек Көпжасар, жеке кәсіпкер:

– Бұрын мен өзім самбо күресімен айналысқанмын. Спорт саласын жақсы көріп, спортты жаным сүйген соң, спорт клубты аштым. Біздің мақсатымыз – болашақ чемпиондарды, Азия чемпионы, әлем чемпионын шығару, Қазақстанның көк туын көкке желбірету. Қазір бізде әр салада 2-3 бапкерден жұмыс жасайды. Таэквандода 2 бапкер, жекпе-жек саласында 2 бапкер бар.

Сондай-ақ...