Бейбіт Шүменовтің жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

29 қаңтар күні Голливуд (АҚШ, Флорида штаты) қаласында бірінші ауыр салмақтағы WBA Regular белбеуінің иегері қазақстандық Бейбіт Шүменовтің (18-2, 12 KO) жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін, деп хабарлады Vesti.kz

Қазақстандық боксшының қарсыласы бірінші ауыр салмақта WBA рейтингінде сегізінші орында тұрған америкалық Рафаэль Мерфи (14-1, 11 КО) болуы керек еді.

Бірақ инсайдер Дэн Рафаэльдің жазуынша, бұл шоу өтпей қалуы мүмкін. Себебі, бұл бокс кешіне қатысатын боксшылардың АҚШ жеріне кіруге визалары дайын емес.