«Қайратқа» Бундеслигадан футболшы ауысып келді

«Қайрат» футбол клубы неміс шабуылшысымен еңбек келісім-шартына қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Штрели Мамба 1994 жылы 17 маусымда Геппингенде (Германия) дүниеге келген. Орталық шабуылшы, бірақ шабуылдың қос қапталында да өнер көрсете алады. 

Бала кезінде «Штутгарт», «Карлсруэ», «Кайзерслаутерн» секілді клубтарда ойнады.  

Кәсіби мансабын 2013 жылы «Хомбург» клубында бастады, сонымен қатар «Гёппинген», «Грюнбах», «Фрайберг», «Зандхаузен» және «Энерги» командаларында өнер көрсетті. Штрелидің соңғы командасы Екінші Бундеслигадағы «Падерборн». Ол 2019/20 маусымды «Падерборн» сапында Бундеслигада өткізіп, 24 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. 24 матчтың 18-інде алаңға негізгі құрамда шықты. 

Мансабында Германиядағы әртүрлі лигаларда 199 матч өткізіп, онда 65 гол соққан.⠀ 

Алматылық «Қайратпен» 2 жылдық мерзімге келісімшарт жасалды. 

Штрели Мамба 

Туған күні: 1994 жылғы 17 маусым 

Бойы: 177 см 

Салмағы: 75 кг 

Позиция: Шабуылшы 

Азаматтық: Германия