414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық боксшылар Олимпиада алдындағы дайындықты бастады

  • 228
  • UPD: 14:19, 21.01.2021

Су добы шеберлері тағы да есе жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24»,

Италияда олимпиада жолдамасына талас жалғасып жатыр. Қазақстанның қыздар құрамасы жарыстың екінші күні Мажарстан командасымен кездесіп, 6:23 есебімен жеңіліп қалды. Енді олар Израиль спортшыларымен жолығады.

UFC: МОРОЗОВ-НУРМАГОМЕДОВ КЕЗДЕСУІ

Сергей Морозов алғашқы кездесуінде есе жіберді. Тағы бір қазақстандық спортшы UFC төрінде өнер көрсетті. Бұл жолы аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов ресейлік Умар Нурмагомедовпен жолыққан еді. Абу-Даби қаласында өткен кездесу кейінгісінің жеңісімен аяқталды. Ол екінші раундта қылғындыру әдісін қолданды. Сергей Морозов үшін бұл UFC алаңыдағы бірінші, ал кәсіпқой мансабындағы бесінші жеңіліс. Бұдан басқа, 11 жекпе-жекте жеңіске жетті. Умар Нурмагомедов болса, бүгінге дейін 13 кездесу өткізіп, барлығында да басым түскен. Кездесуден кейін октаганға Умардың ағасы Хабиб Нурмагомедов көтеріліп, қос спортшыға жылы лебізін білдірді.

БИАТЛОННАН ӘЛЕМ КУБОГЫ

Германияда биатлоннан әлем кубогы жалғасып жатыр. Екінші кезеңді Арбер қаласы қабылдады. Жарыстың кезекті күні ерлер 15 шақырымдық жекелей сынға қатысқан. Нәтижесінде ұлттық құрама сапындағы Сергей Сирик 89-ші орын алды. Сәйкесінше, бұл – қазақстандық спортшылар арасындағы ең тәуір көрсеткіш. Өйткені, Әсет Дүйсенов 121-ші, Дастан Делдеш 125-ші, ал Бекентай Тұрлыбеков 141-сатылардан көрінді. Бұл бәсекеде норвегиялық Эндре Строемшем топ жарды. Үздік үштікті германиялық және тағы бір норвегиялық спортшы түйіндеді.

БОКСШЫЛАРДЫҢ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

Боксшыларымыз олимпиада алдындағы кешенді дайындықты бастады. Қазір ұлттық құраманың бір бөлігі АҚШ-та, қалған бөлігі Кубада жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Мұхиттың арғы жағына аттанғандар арасында олимпиада жолдамасын алғандар да бар. Олар жергілікті спортшылармен бірге шеберлік шыңдайды. Оқу-жаттығу жиыны қаңтардың соңына дейін жалғасады. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Токио олимпиадасына толық құрамда барады. Яғни, былтыр Иорданияда өткен лицензиялық жарыста жігіттер 8 салмақ дәрежесінде де өз мүмкіндіктерін мүлт жіберген жоқ. Ғалым Кенжебаев баптайтын жігіттер енді осындай бірлескен жаттығу жиындарын өткізіп, бірқатар халықаралық жарысқа қатысады. Ал Токио олимпиадасының өзі 23-ші шілдеде басталуы керек.

Хабар 24 телеарнасы