Халықаралық карате федерациясы жарыс күнтізбесіне өзгеріс енгізді

Халықаралық карате федерациясы (WKF) 2021 жылғы жарыстар кестесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Коронавирус пандемиясына байланысты WKF бірқатар жарысты кейінге шегерді. Атап айтқанда, Premier league Lisbon Open халықаралық жарысы ақпан айынан 30 сәуір мен 2 мамыр аралығына шегерілді.

Ал Әзербайжан астанасы Бакуде жоспарланған Премьер-лига Түркияға ауыстырылды. Енді Премьер-лига жарысы Түркияның Ыстамбұл қаласында 12-14 наурыз күндері өтеді.