417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Томас Бах Токиодағы Олимпиадаға қатысты мәлімдеме жасады

  • 203
  • UPD: 10:51, 22.01.2021
Томас Бах Токиодағы Олимпиадаға қатысты мәлімдеме жасады фото: tass.ru

«Олимпиада ойындарының уақыты өзгермейді.

Байрақты бәсекенің ашылу салтанаты 23 шілдеде Токиодағы олимпиадалық стадионда өтуі керек. Оны барынша қауіпсіз қылуға тырысамыз», - деді Томас Бах. ХОК президенті арнайы мәлімдеме жасап, Олимпипда өтпейді деуге негіз жоқтығын қадап айтты. Бірақ оған келетін көрермендердің саны қысқартылуы мүмкін. Тіпті жүнкүйерсіз өтуі мүмкін екенін де алға тартты.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы былтыр жазда болуы керек еді. Ғаламдық пандемияға байланысты ойын 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына ауыстырылды. Қазақстан құрамасы бұл ойындарға 40-тан аса лизензия жеңіп алды. Жазға дейін оның санын 100-ге жеткізу жоспарланып отыр.

***

Каратэ-до шеберлері наурызда халықаралық жарысқа қатысады. Ал, Олимпиада ойындарына іріктеу маусымның 11-і мен 13-і аралығында өтеді. Жапон жекпе-жегіне қатысты жарыстар кестесі шықты. Оған сәйкес, көктемнен бастап барлық халықаралық жарыстар жанданады. Айта кетейік, қазір ұлттық құрама қожынында осы спорт түрінен бір Олимпиада лицензиясы бар.

***

Қазақстандық биатлоншы алдыңғы 40 спортшының қатарынан көрінді. Германияда биатлоннан әлем кубогы жалғасып жатыр. Екінші кезеңді Арбер қаласы қабылдаған еді. Жарыстың кезекті күні әйелдер 15 шақырымдық жекелей сынға қатысқан. Нәтижесінде ұлттық құрама сапындағы Елизавета Бельченко мәреге 36-шы келіп жетті. Бұл – қазақстандық спортшылар арасындағы ең тәуір көрсеткіш. Өйткені Людмила Ахатова 75-ші, ал, Анастасия Кондратьева 76-шы сатылардан көрінді. Бұл бәсекеде австриялық Лиза Тереза Хаузер топ жарды. Үздік үштікті украиналық және франциялық спортшылар түйіндеді.

***

«Барыс» жеңістер сериясын жалғастырды. Елордалық клуб сырт алаңда Құрлықтық лига үздігі «Динамомен» жолыққан. Мәскеу қаласындағы матч 2:0 есебмен аяқталды. Қазақстандық клуб сапынан Джесси Блэкер мен Павел Акользин мергендігімен көзге түсті. Қос шайба да бірінші кезеңде соғылды. Қалған уақытта алаң иелері қанша тырысқанымен есеп айырмасын қысқарта алмады. Осылайша, «Барыс» 55 ұпай жинап, турнир тізіміндегі 8-ші орнын сақтап қалды және бір саты жоғары тұрған командаға жақындай түсті.

Айта кетейік, елордалық клуб осымен 3 матч қатарынан жеңіске жетіп отыр. Кезекті кездесу ертең Подольск қаласында өтеді. «Барыс» пен «Витязь» өзара мықтыны анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы