419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қуат Хамитов 45 секундта жеңіске жетті

  • 238
  • UPD: 21:56, 22.01.2021
Қуат Хамитов 45 секундта жеңіске жетті

Ресейдегі аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турнирінде қазақстандық файтер Қуат Хамитов жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қуат Хамитов ресейлік файтер Максим Пантелеевпен жұдырықтасып, қарсыласын 45-ші секундта нокаутқа түсірді. Осылайша, ол мансабындағы 20-шы жеңіске жетті. 

Айта кетерлігі, Қуат Хамитовтың қарсыласы жекпе-жекке бір күн қалғанда ауысқан. Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың 25 қыркүйегінде өткізді. Онда жерлесіміз Ахмеджан Боковты екінші раундта жеңген болатын. 

Хабар 24 телеарнасы