UFC 257: Жұмағұлов – Альбази жекпе-жегінің уақыты өзгерді

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (13-4) UFC-дегі екінші кездесуінің уақыты өзгерді, деп хабарлайды prosports.kz.

Ол Абу-Дабиде өтетін UFC 257 туринрінде өнер көрсетеді. Қарсыласы – швед спортшысы Амир Альбази (13-1). Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 06:00-ден кейін басталады. UFC кешті ресми сайтында тікелей эфирде көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұл – Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші айқасы. Алғашқы жекпе-жегінде ол Раулиан Пайвадан (20-3) жеңіліп қалған еді.