Су добынан олимпиадаға іріктеу турнирі: Қазақстан құрамасы Словакияны ұтты

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадалық іріктеу турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Италияда су добынан әйелдер командалары арасында Олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде Қазақстан құрамасы Словакия командасымен кездесіп, 11:10 есебімен ұтты.

Айта кетерлігі, ел құрамасы топтық кезеңде үшінші орынмен ширек финалға шыққан болатын. Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы Израиль/Франция жұбының жеңімпазы болмақ.

Сондай-ақ...