ATP Cup турнирінің басталуы 2 ақпанға ауыстырылды

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының командалық кубогының (ATP кубогы) басталуы 2 ақпанға ауыстырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир Мельбурнде (Австралия) 2-6 ақпан аралығында өтеді. Бастапқыда байқау 1-5 ақпан аралығында өтуі керек еді.

Жарысқа екі ойыншыдан тұратын 12 команда қатысады.

Топтық кезеңде әр ұлттық құраманың кездесуі екі жеке және бір жұптан тұрады. Төрт топтың жеңімпаздары жартылай финалға өтеді.

А тобына: Сербия, Германия, Канада кіреді. В тобы - Испания, Греция, Австралия. С тобы - Австрия, Италия, Франция. D тобы - Ресей, Жапония, Аргентина.