Александр Недовесов Анталиядағы ATP Challenger турниріне қатысады

25 қаңтарда Анталияда жүлде қоры 44 820 АҚШ долларын құрайтын «Челленджер» басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.  Жарысқа қазақстандық Александр Недовесов қатысады.
Недовесов жарыстың жұптық сынында украиндық Денис Молчановпен өнер көрсететін болады. 
Бірінші айналымда Недовесов пен Молчанов американдық жұп Роберт Гэллоуэй - Алекс Лоусонмен ойнайды.