«Челсидің» бас бапкері Фрэнк Лэмпард отставкаға кетті

БАҚ өкілдері жарыса жазып жатқан ақпарат расталды.

«Челси» бас бапкері Фрэнк Лэмпардпен қош айтысқанын ресми түрде мәлімдеді.

Басшылық футболшыларға таңертең базаға келмеу туралы бұйрық берген еді. Енді әлеуметтік желідегі парақшасында бапкердің отставкасы туралы жазды. Енді оның орнын ПСЖ-ның бұрынғы бапкері Томас Тухель басуы мүмкін. 

Естеріңізде болса, Лэмпард бұл қызметке 2019 жылдың жазында тағайындалған болатын. Дегенмен клуб басшылығы оның жұмысына көңілі толмаған. Бірақ кеше, 24 қаңтарда «Челси» Англия кубогының 1/16 финалында «Лутон Таунды» жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Ал қазіргі уақытта команда 19 турда 29 ұпаймен Премьер-лиганың турнирлік кестесінде тоғызыншы орында тұр.