414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шаңғы спорты түрлерінен әлем біріншілігі көрерменсіз өтетін болды

  • 148
  • UPD: 22:37, 25.01.2021
Шаңғы спорты түрлерінен әлем біріншілігі көрерменсіз өтетін болды

Шаңғы спорты түрлерінен әлем чемпионатын ұйымдастырушылар турнирдің биыл көрерменсіз өтетінін мәлімдеді. 

Әлемдік дода 23 ақпан пен 7 наурыз аралығында Германияның Оберстдорф аймағында өтеді, деп хабарлады olympic.kz.

Алғашында жанкүйерлер санын шектеуді қарастырған ұйымдастырушылар ғаламдық індетке байланысты чемпионатқа көрермендерді қатыстырмау туралы шешім қабылдады. Сатылған билеттердің бәрі кері қайтарылған.

Айта кетелік, әлем чемпионатында шаңғы жарысы, тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысынан 23 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. 

Хабар 24 телеарнасы