Каратэ: қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарына дайындық үстінде

Каратэ: қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарына дайындық үстінде

Араға жылға жуық уақыт салып каратэ жарыстары жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын бәсекелер белгілі болды. Атап айқанда, сәуір айында Португалияда рейтингілік турнир өтеді. Одан кейін Марокко мен Түркиядағы додаларда да ұпай жинауға болады. Ал олимпиада алдындағы басты бәсеке лицензиялық турнирді Париж қабылдайды. Байрақты бәсеке маусымның 11-і мен 13-і аралығында болады. Бұл жарыстардан Қазақстан спортшылары 5 жолдама алуды көздеп отыр. Қазірдің өзінде 1 лицензия бар. Оны 67 келіге дейігілер арасындағы әлем үздігі Дархан Асаділов иемденді. Енді оның жетістігін орта және ауыр салмақтағы жерлестеріміз қайталауы керек деді команданың аға бапкері Дулатбек Құсбеков.