Футзалдан Еуропа чемпионатына іріктеу жалғасады

Оның аясында ұлттық құрама Израиль аяқдопшыларымен жолығуы қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты Рикардо Силва баптайтын жігіттер Алматыға жиналып, соңғы дайындықты пысықтады. Жарақатына байланысты Тайнан келе алмады. Қалған спортшылар бабындай дейді бас бапкер. Топтық кезеңдегі кездесу 28 қаңтарда Ришон-ле-Цион қаласында өтеді. Ал қарымта матч сәуірдің 13-не жоспарланған.

Айта кетейік, қазақстандық команда қазір өз тобының бірінші сатысында тұр. Алғашқы ойында Венгия құрамасын 5:0 есебмен жеңген еді. Ал Израиль футшылары Беларусь командасы есе жіберді.