«Барыс» ҚХЛ матчында «Трактордан» жеңілді

ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы матчта «Барыс» Челябинскінің «Тракторынан» ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:3 есебімен аяқталды.

Алексей Бывалцев, Сергей Калинин және Виталий Кравцов жеңімпаздар қатарынан гол соқты. Алаң қожайындары сапынан Егор Петухов пен Валерий Орехов мергендік танытты.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қаңтарда «Барыс» өз алаңында «Нефтехимикті» қабылдайды.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) – «Трактор» (Челябинск, Ресей) 2:3 (0:1, 1:2, 1:0)

Шайбы соққандар:

0:1 – 11:01 Бывальцев (Калинин, Пилут)

1:1 – 32:33 Петухов (Орехов, Старченко)

1:2 – 33:04 Калинин (Пилут)

1:3 – 34:02 Кравцов (Гика, Бэйлен)

2:3 – 51:48 Орехов (Лилья, Петухов)

Қақпашылар: Ортио 00:00-20:00, Карлссон 20:00-60:00 – Федотов.