«Барыс» негізгі бәсекелесіне есе жіберді

Құрлықтық лига аясында «Барыс» пен «Трактор» командалары жолыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан қаласында өткен матч қонақтардың жеңісімен аяталды. «Трактор» ойыншылары алғаш болып есеп ашты. Артынша Егор Петухов таразы басын теңестірген. Екінші және үшінші кезеңдерде осындай жағдай тағы қайталанды. Бірақ ең соңғы минутта Кертис Волк соққан шайба есепке алынбады. Осылайша, 2:3 есебмен Челябі қаласының клубы жеңіске жетті.

Айта кетейік, «Барыс» пен «Трактор» ұпай көрсеткіші жағынан шамалас және Шығыс Конференциясындағы негізгі бәсекелес саналады. Соңғы матчтан кейін қонақтар 2 ұпай алға шығып, турнир тізімінің 5-ші сатысына жайғасты. Ал «Барыс» 8-ші орында. 

Сондай-ақ...