ЕУРО-2022: футзалдан Қазақстан құрамасының ойыны кейінге шегерілді

ЕУРО-2022 турниріндегі Израиль-Қазақстан ойыны кейінге шегерілді, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Ойын 28 қаңтарда Ришон-ле-Цион қаласында өтуі тиіс еді. Израиль мен Қазақстан құрамалары арасындағы футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының 5-тобындағы іріктеу кезеңінің ойыны Израильде 26-31 қаңтар аралығында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында халықаралық рейстердің жабылуына байланысты кейінге қалдырылды. 

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) екі құрама арасындағы ойынның мерзімін кейін белгілейді.