Бокстан қыздар құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынын бастады

Бұрымды боксшыларымыз кезекті оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолғы дайындық Алматыда өтіп жатыр. Одан кейін бірқатар халықаралық жарыс күтіп тұр. Бұл жөнінде бас бапкер Ерік Алғабек мәлімдеді. Атап айтқанда, 5 олимпиадалық салмақтағы боксшы Венгрияда өтетін халықаралық турнирге қатысады. Артынша Түркияда бірлескен жаттығу жиыны ұйымдастырылмақ. Ал, маусымның басында қыздар Францияға аттанады. Олимпиада алдындағы басты бәсеке лицензиялық әлем чемпионатында жеңіл және орта салмақтағы 4 спортшы өнер көрсетеді. Сәйкесінше, барлығы да жолдама алуы қажет. Қазір ұлттық құрамада бір ғана лицензия бар. Оны 75 келіге дейінгілер арасындағы Надежда Рябец иемденді және ол қазір арнайы бағдарлама бойынша жеке дайындалып жатқанын жеткізді бас бапкер.

Сондай-ақ...