Зара Дәркен Еуропа жасөспірімдер рейтингісінде 21-орынға көтерілді

Қазақстандық Зара Дәркен Еуропа теннис федерациясының жаңартылған жасөспірімдер рейтингісінде 21-орынға көтерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, бұл – 13 жасар қазақстандық Зара үшін әзірге үздік көрсеткіш. Рейтингілік 360 ұпай жинаған Зара Дәркен 14 жасқа дейінгілер арасынан бірден 30-дан 21-сатыға жоғарылады.