Месут Озил Германия құрамасына оралмайтынын айтты

«Фенербахче» командасының су жаңа ойыншысы атанған Месут Озил баспасөз мәслихатында Германия ұлттық құрамасынан кететінін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ұлттық құрамаға оралу дейсіз бе? Мен өз сүрлеуіммен жүріп, артқа ешқашан оралмаймын. Сол үшін жоқ деп жауап беремін. Мен Германия құрамасына бар жақсылықты тілеймін, алайда ол командада енді ешқашан ойнамаймын», – деді Озил.

Ойыншының сөзіне жиналғандар қол шапалақтады. Өзіл 2018 жылғы әлем чемпионатынан кейін команда сапында ойнаған жоқ. Мундиаль алдында футболшы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен фотосуретке түскен еді, сол себепті оны Гермиания халқы сынға алды. Озил Неміс футбол одағынан қолдау таппай, құрамадан кетті.