«Барыс» «Нефтехимикті» 4:1 есебімен ұтты

«Барыс» Челябинскіде кеткен есені Нижнекамскіде қайтарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрлықтық Лига аясында елордалық клуб жергілікті «Нефтехимик» командасымен жолыққан. «Барыс» сапынан Дмитрий Шевченко, Егор Петухов және Якоб Лилья мергендігімен көзге түсті. Соңғысы дубльдің авторы атанды. Ал алаң иелері ең соңғы минутта бір шайба соғып үлгерді. Осылайша 4:1 есебімен қазақстандық клуб жеңіске жетті және соның арқасында турнир тізіміндегі жағдайын жақсартты. Яғни «Барыс» қазір 59 ұпаймен Шығыс Конференциясының 8-сатысында тұр. Одан жоғары орналасқан 2 команданың ұпай көрсеткіші де осындай. Юрий Михаилис баптайтын жігіттер енді ертең «Салават Юлаев» командасымен жолығады.