Садриддин Ахмедов Мексикадағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

WBC жастар титулының иесі қазақстандық Садриддин Ахмедов Стивен Даньоға қарсы титулдық жекпе-жек алдында міндетті салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық таразыда 69,7 келіні көрсетті, Даньоның салмағы - 69,6.

Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 30 қаңтарда таңертең Мексиканың Куернавака қаласында өтетін бокс кеші аясында өтеді. Орта салмақтағы үш титул: WBA Continental, NABF және WBC Francophone бәске тігілген.

Садриддин Ахмедов бір жылдан астам уақыт рингке шықпады. Ол мұның алдында 2019 жылдың желтоқсанында Канадада аргентиналық Хосе Антонио Виллалобоспен айқасып, жеңіске жеткен болатын.