Қазақстандық биатлоншылар Еуропа ашық чемпионатына қатысады

Польшаның Душники-Здруй аймағында биатлоннан Еуропа ашық чемпионаты жалғасып жатыр. 

ҚР ҰОК Әйелдер арасында спринт жарысына қатысатын қазақстандық спортшылар тізімін ұсынады.

Еуропа ашық чемпионатында әйелдер 7,5 км қашықтықты бағындырады.

Қазақстан сапынан бес биатлоншы жарыс жолына шығады, олар: Елизавета Бельченко, Галина Вишневская – Шепоренко, Людмила Ахатова, Анастасия Кондратьева және Ксения Долгополова.