Неймар мен ПСЖ ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойғысы келеді

ПСЖ шабуылшысы Неймар клубпен жаңа ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойғысы келеді, деп хабарлады prosports.kz.

Париждіктер де ойыншыны клубта қалдыруға мүдделі. Тараптар арасындағы келіссөздер алдыңғы сатыда.

Неймар осы маусымда барлық турнирде 15 матч өткізіп, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

28 жастағы бразилиялықтың париждіктермен қазіргі келісімшарты 2022 жылдың маусымына дейін есептелген.