Елордада коньки мен шаңғы тебуді тегін үйренуге болады

Қалалық әкімдік бұқаралық спортты дамыту мақсатында осындай бастаманы қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни арнайы мамандар, оның ішінде кәсіпқой спортшылар да бар, демалыс күндері қала тұрғындарымен шеберлік сабағын өткізеді. Оқу-жаттығу жұмыстары астанамыздың 12 жерінде ұйымдастырылады. Ал оған қатысу алын ала жазба бойынша жүреді. Яғни әр топтағы әуесқойлардың саны 5-тен аспау керек. Тегін спорттық сабақтар қыс маусымының соңына дейін жалғасады. Одан кейін жазғы спорт түрлері бойынша осындай шараны қолға алу жоспарланып отыр.

Жанат Мусин, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы:

– Қазіргі таңда бұл қаланың орталық және шеткі бөлігін қамтып жатыр. Коньки 8 жерде, шаңғы тебу 4 жерде өтеді. Санитарлық талаптар қатаң сақталған. Үйрететін нұсқаушылар – кәсіпқой мамандар.