Фристайл-акробатикадан әлем кубогы: қазақстандық команда үздік үштікте

Минск қаласында фристайл-акробатикадан әлем кубогы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық спортшылар жұптық бәсекеде жақсы өнер көрсетті. Әсіресе, Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева синхронды секіруде қола жүлдегер атанды. Тағы бір қазақстандық Маржан Ақжігіт канадалық Марион Тэнумен жұп құрып, екінші орын алды. Ал жекелей сында жерлестеріміздің жолы болмады. Маржан Ақжігіт 18, Аяна Жолдас 19, ал Жанбота Алдберегенова 21 сатыларға тұрақтады. Жігіттерден ең тәуір көрсеткіш Нурлан Батырбаевта. Ол жалпы есепте 19 тұр.

Айта кетейік, могул және шаңғы акробатикасы бойынша биылғы әлем чемпионаты Алматыда өтеді. Байрақты бәсеке наурыздың басында өтеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ...