Гандболдан ерлер арасында әлем чемпионы анықталды

Египет астанасы Каирде гандболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты аяқталып, жеңімпаз бен жүлдегерлер есімі белгілі болды, деп жазады Olympic.kz. 

Әлем біріншілігінің ақтық сынында Швеция мен Дания құрамалары кездесіп, даттар 26:24 есебімен жеңіске жетті. 

Қола жүлде үшін өткен матчта Испания Франция құрамасын 35:29 есебімен ұтқан. 

Каирдегі әлемдік дода пандемияға байланысты жанкүйерлердің қатысуынсыз өтті. Әр екі жыл сайын өткізілетін әлемдік сында Дания командасы қатарынан екінші рет жеңіске жетіп отыр. 

Гандболдан келесі әлем чемпионаты 2023 жылы Польша мен Швецияда ұйымдастырылады.