414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Александр Недовесов маусымдағы алғашқы титулын иеленді

  • 152
  • UPD: 12:07, 01.02.2021
Александр Недовесов маусымдағы алғашқы титулын иеленді prosports.kz

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Анталияда (Түркия) өткен «Челленджер» сериясындағы турнирдің жұптық сынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге Луис Давид Мартинес (Венесуэла)/Давид Вега Эрнандес (Испания) жұбын жеңді – 3:6, 6:4, 18:16. Матч бір сағат 36 минутқа созылды, ауа райына байланысты ол түн ортасынан кейін аяқталды, өйткені ұйымдастырушылар бір күнде жекелей және жұптық сындағы бірнеше айналымды өткізген.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің жүлде қоры 44 мың доллар болған.

Хабар 24 телеарнасы