Таеквондодан Қазақстан чемпионаты Талдықорғанда өтеді

Таеквондодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты Талдықорғанда өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.

Бұл туралы Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Республикалық біріншілік 6-9 наурыз күндеріне жоспарланған.