Таэквондодан халықаралық және республикалық жарыстардың кестесі бекітілді

Таэквондо шеберлері үшін жағымды жаңалық. Халықаралық және республикалық жарыстардың кестесі бекітілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, халықаралық деңгейде биыл 72 жарыс өтуі керек. Оның ішінде лицензиялық турнирлердің маңызы ерекше. Бұл бәсекелер мамыр айына дейін ұйымдастырылады. Яғни, Еуропа мен Азияда бір-бір іріктеу жарысы өтеді. Одан кейін әлем чемпионатын қазан айында Қытай қабылдайды деп жоспарланып отыр. Ішкі біріншіліктер болса, алдағы айда жанданады. Таэквондодан биылғы Қазақстан чемпионаты 6-9 наурыз аралығында Талдықорғанда өтеді. Нәтижесінде, ұлттық құрама жасақталып, халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды.