Жәнібек Әлімханұлы Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетпейді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) 27 ақпанда Алматыда өтетін бокс кешіне қатыспайтын болды.

Былғары қолғап шебері жаттығу кезінде жарақат алып қалған. Бұл туралы боксшының командасы хабарлады.

«Маңызды! Құрметті жанкүйерлер, өкінішке қарай, 27 ақпанда Алматыда өтетін бокс кешінде өнер көрсете алмайтын болдық. Жаттығу барысында Жәнібек жарақат алып қалды.

Құдай қаласа, барлығы дұрыс болса, көктемнің соңы, жаздың басында QAZAQ STYLE-ды рингтен көретін боласыздар! Жеңісте қуанған сіздердің қиындықта да қолдайтындарыңызды білеміз!» – делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, Әлімханұлы 2020 жылы жалғыз жекпе-жек өткізіп, аргентиналық Гонсало Кориеяны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Ал 9 қазанда Лас-Вегаста өтті.