Хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатының билеттері күзде сатылымға шығады

Шайбалы хоккейден 2022 жылы Финляндияда өтетін әлем чемпионатының билеттері күзде сатылымға түседі.

Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады olympic.kz. 

Билеттер сатылымға түсетін нақты мерзім турнирдің жарыс кестесі бекітілген соң белгілі болмақ. Ұйымдастырушылар мәліметінше, бірнеше ойынға жарайтын билеттерді сатып алу мүмкіндігі ұлғаяды. 

Бұдан бұрын Финляндия құрамасының ойындарына арналған VIP санатты билеттер сатылымы басталған еді. 

Хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионаты 13-29 мамыр күндері Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтеді.