Хоккей: «Барыс» тағы есе жіберді

Юрий Михаилис баптайтын жігіттер бұл жолы «Металлург» хоккей клубымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сырт алаңда өткен матч 3:1 есебімен аяқталды. Ең алғашқы голды елордалық клуб сапындағы Кирилл Панюков соққан. Бірақ алаң иелері ойын соңына дейін есепті теңестіріп, тіпті алға шығып та үлгерді. Осылайша «Барыс» 3 ұпайдан айырылды. Бірақ турнир тізіміндегі орнын сақтап қалды. Қазір ол Шығыс Конференциясының 8-сатысында тұр. Ал «Металлург» осы жеңістің арқасында үшінші орынға көтерілді. Қазақстандық клуб кезекті кездесуін де сырт алаңда өткізеді. Қарысыласы – «Сібір» хоккей клубы.