419,41 505.95 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

М.Кукушкин Мельбурндағы турнирде екінші айналымнан әрі аса алмады

  • 131
М.Кукушкин Мельбурндағы турнирде екінші айналымнан әрі аса алмады

Әлемнің ең үздік теннисшілері Австралияға жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда АТР 250 санатындағы турнир өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні қазақстандық Михаил Кукушкин швейцариялық Стэн Вавринкамен кездесті. Соңғысы «Үлкен Дулыға» турнирлерінің жеңімпазы. Отандысымыз 90-орында. Соған қарамастан тегеурінді қарсылық танытып, тартысты ойын өткізді. Кездесу 1 сағат 56 минутқа созылды және 4:6, 6:3, 6:1 есебімен аяқталды. Енді тағы бір қазақстандық Александр Бублик бүгін бағын сынайды. Ол жергілікті теннисшіге қарсы ойнайды. Мельбурндағы турнирдің жалпы қорытындысы 6 ақпанда белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы