Головкин жапон боксшысымен жұдырықтасуы мүмкін

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жапон спортшысы Риота Муратамен жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

RingPolska басылымының мәліметінше, Головкиннің командасы жекпе-жек бойынша келіссөзді бастап кеткен. Егер сәтте өтсе, Головкин мен Мурата биыл көктемде шаршы алаңда қолғап түйістіреді.