Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем кубогындағы қазақстандықтардың нәтижесі

Шаңғымен тұрғыдан секіруден Германияның Клингенталь қаласында әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр деп хабарлайды ҰОК.

Аталған жарысқа қазақстандық спортшылар да қатысқан болатын.  Жарыс нәтижесі бойынша Сабыржан Мүмінов 72,7 ұпаймен 48-орынға табан тіреді. Сергей Ткаченко 43,3 ұпаймен 50-орынға жайғасты. 

Ал бұл кезеңде норвегиялық Холвер Эгнер Гранеруд жеңіске жетті. Күміс жүлдені польшалық Камил Стох, қола медальді словакиялық Бор Павлович иеленді.